Шымкентте заңсыз қару ұстаған азамат тұтқындалды

281
04.03.2022 06:18

Ал Шымкентте төбелес шығарып, кейін көлігінен Калашников автоматын алып шыққан азаматтар ұсталды. Қымбат көлік мінген жігіттердің текетіресі түнгі сағат 2де болған. Мейрамхана  алдында екі ер адам сөз таластырып, соңынан олардың бірі қаруға ұқсас зат қолданған. Аталған жайт Жедел басқару орталығының бейнебақылау  камераларына түсіп қалған.  Қазіргі сәтте бұзақылық жасаған жергілікті екі тұрғын анықталып, полиция бөліміне жеткізілген. Енді азаматтарға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.