Беларусьте Украина мен Ресейдің ресми өкілдері келіссөз жүргізіп жатыр. Жиын Беларусь пен Украина шекарасындағы Припять өзені маңында өтуде. Күн тәртібінде тұрған басты мәселе - атысты тоқтату және ел аумағынан ресейлік әскерді шығару. Соған қарамастан, Чернигов пен Сумы қалалары Ресей әскерінің қоршауында. Ал, сепаратистер Мариупольға жылжып келеді. Қазір түскен ақпарат бойынша, Харьковты жаппай бомбылау нәтижесінде, ондаған бейбіт тұрғын қаза болды. Оның ішінде балалар да бар.
️