Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босталды

688
28.02.2022 06:26

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды. Тиісті жарлыққа президент қол қойған. Айта кетсем, бірер күн бұрын ғана әлеуметтік желіде Тұрғымбаевтың отставкаға кеткені туралы ақпарат пайда болған еді. Бірақ  ведомство мәліметті жоққа шығарған болатын. Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев осы қызметке 2019 жылы ақпан айында тағайындалған. Бұған дейін алты жыл бойы министрдің орынбасары болды. Тергеу комитетінің төрағасы, сондай-ақ Алматы қаласы және Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменттерін басқарды. Ішкі істер министрі қызметіне Марат Ахметжанов тағайындалды.