40-қа жуық адам қар құрсауынан құтқарылды

326
15.02.2022 06:45

Ел аумағындағы тас жолдарда қар құрсауында қалған 37 адам құтқарылды. Оның ішінде 2 бала да бар. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескертулер жарияланып, Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында республикалық маңызы бар автожолдар жабылған.