Түркістан
EN

Қыркүйек айынан бастап шәкіртақы 20%-ға өседі

354
02.02.2022 09:29

Биыл студенттердің шәкіртақысы тағы 20 процентке өседі. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі мәлімдеді. Өзгеріс жаңа оқу жылынан бастап күшіне енеді. Басты мақсат - білімге деген құштарлықты арттыру дейді Асхат Аймағамбетов.  Нақтылап айтсақ, қыркүйек айынан бастап бакалавр дәрежесінде оқитындардың шәкіртақысы 31 мың теңгеден 36 мыңға, ал педагогикалық бағыттағылардікі 50 мың теңгеден 58 мыңға өседі. 

️