Спорттағы үздіктер анықталды. Түркістанда Республикалық және халықаралық деңгейде түрлі сайыстарда топ жарып, жүлде иеленген спортшылар марапатталды. Одан бөлек, олардың бапкерлерінің де еңбегі еленді. Сонымен қатар, алғыс хаттарымен, олимпиадалық резервтегі спортшыларды дайындайтын мектептер және аудандардың дене шынықтыру және спорт бөлімдері марапатталды. Бастысы, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері және Әлем чемпионатының жеңімпазы Сәкен Бибосынов өңірдің үздік спортшысы атанды. Ал, оның жеке жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов үздік бапкер деп танылды.
️