Облыс жастары арасында «Жыл көшбасшылары» марапатталды

501
20.12.2021 03:44

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойына орай Түркістан облысында "Тәуелсіздік ұрпағы - Жыл көшбасшылары" атты жастар форум өтті. Іс-шара аясында түрлі салаларда жеңіске жетіп, үздік деп танылған жастар анықталды. Олар "Үздік жас жазушы", "Үздік жас дәрігер", "Үздік ғалым", "Үздік спортшы", «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» сынды номианацияларға ие болды. Жастарға "Түркістан жастар премиясы" марапаты табысталды. Небәрі 16 жастағы Рамазан Жақсыбай Үздік жас ғалым ден танылып, топ жарды. Ол 13 жасынан ақылды робот жасап түрлі байқаулардан жүлдесіз қайтпаған көрінеді.