Тұрғындар көмір сатып алу үшін несие рәсімдеуге мәжбүр. Өйткені биыл қара отынның құны тым шарықтап тұр. Әлемде көмір өндіруден алғашқы ондыққа кіретін Қазақстандағы бұл жағдайға мәжіліс депутаттары алаңдаушылық білдірді. Тіптен кейбір өңір халқы көмірге алдын ала ақы төлеп, оны апталап күтіп отыруға мәжбүр.
️