Өткен жылғы бүкіл АҚШ бойынша атышулы БЛЭК ЛАЙВС МАТЭ акциясына байланысты сот процессі жалғасуда. Жаппай тәртіпсіздік кезінде өзін қорғау үшін қолына қару алған жасөспірім Кайл Риттенхаус 3 адамды жаралаған еді. Ал, оның екеуі сол жерде тіл тартпай көз жұмған болатын.
Бір жылға жуық жүргізілген сот процессінде Висконсин штатының айыптаушылары Риттенхаусты өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап еткен еді. Дегенмен алқа билер соты жасөспірімнің өзін-өзі қорғау үшін қару қолданды деп танып, толық кінәсіз деп тапқан. Осыған орай, бүкіл АҚШ аумағында БЛМ қозғалысының белсенділері наразылық акциясына шықты.
️