Түркістандық жастар арасында "Есірткісіз болашақ" республикалық акциясы өтті

238
17.11.2021 04:45

Түркістанда жастар арасында синтетикалық есірткінің таралуын тоқтату үшін акция өтті. Аталмыш шараға қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері, еріктілер және 2021 жылы Уфа қаласында өткен әйелдер күресінен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы Нилюфар Раимова қатысты. Ол жастарды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға және есірткіден аулақ болуға шақырды.