Екпесіз оқу жылы басталмайды

122
28.05.2021 11:30

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов республикалық педагогикалық кеңесте бұдан былай мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жаңа форматта жүзеге асырылатынын атап өтті. Яғни, ұстаздыққа ұмтылғандар ұлттық біліктілік тестін тапсырған соң ғана қызметке орналасады. Сонымен қатар, жазғы демалыс уақытында ата-аналардан балалар қауіпсіздігі үшін қолхат алуды қою керектігін ескертті. Ал, келесі оқу жылында дәстүрлі білім беру форматына көшуі үшін мұғалімдердің дені коронавирусқа қарсы екпе алу керектігін баса айтты.