Жетісай ауданында жоғалған 12 жасар бала егістік алқабынан табылды

339
12.11.2021 05:04

Жетісай ауданында 12 жасар бала із-түссіз жоғалып, жергілікті жұртты дүрліктірді. Жаөспірімнің жоғалғаны туралы анасы полицияға хабарлаған. Айтуынша, денсаулығында сырқаты бар жеткіншек үйінен күндізгі 12-лерде шығып, оралмаған.  Іздеу жұмыстарына аудандық полиция бөлімінің барлық қызметкерлері мен 100-ге тарта ауыл тұрғындары қатысты.

Іздестіру нәтижесінде келесі күні таңғы сағат 10 шамасында бала Сырабат егістік алқабынан табылды. Қарны ашып, тоңып қалған баланы ауыл тұрғыны байқап қалған. Белгілі болғандай, ойнап жүрген жеткіншек шаңды дауылда бағыттан адасып, егістікке қарай кете берген. Қазір балаға қажетті көмек көрсетілуде.