Шекарадағы шиеленісте Польша президенті Беларусь билігін айыптауда

191
11.11.2021 05:06

Шекарадағы жағдайға байланысты Польша президенті Беларусь билігін айыптауда. Өйткені Беларусь елінен ағылған босқындар бір тәуліктің өзінде 300 рет шекарадан заңсыз өтпек болған. Тәртіп сақшылары мигранттарды тоқтату үшін көз жасаурататын газ қолданып жатыр.

Польшаның болжамынша, қазір Беларусьтегі мигранттар саны 15 мыңға дейін жетуі мүмкін. Босқындардың басым бөлігі Германия және Еуроодақ елдеріне  жетуді көздейді. Миграциялық дағдарыстың кесірінен Еуроодақ билігі жақын арада Минкске қарсы жаңа санкцияларды еңгізбек ниетте.