Түркістан облыстық мәслихатының он екінші сессиясы өтті. Жиын барысында күн тәртібіндегі алты мәселе қаралып депутаттар тарапынан қолдау тапты. Атап айтқанда ақпарат, білім, спорт және мәдениет, денсаулық сақтау, құрылыс салалары, газбен, электрмен қамту мәселелерін шешу үшін ұсынылған бюджет бекітілді.
Сессияны түйіндеген аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев өңірде жаңа жобалар көбейгенін және оған жеке кәсіпкерлер де инвестиция салып жатқанын мәлімдеді
️