Түркістан
EN

"Әзірет-Сұлтан" мемлекеттік қорық-музейінің қоры жаңа жәдігерлермен толықты

325
08.11.2021 08:55

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи мәдени қорық-музейі 30-ға жуық жаңа жәдігермен толықты. Бүгін «Музейге сый» акциясы өтіп, тұрғындар өз үйлерінде сақтап келген тарихи дүниелерді мұражай қорына салтанатты түрде тапсырды.

Мақсатымыз – ел арасында елеусіз жатқан тарихи маңызы зор, құнды заттарды, ұлтымыздың ұлы тұлғаларына қатысты жәдігерлерді сақтау, қорғау мәселесіне қоғам назарын аудару,- дейді шараны ұйымдастырушылар. Игі іске тілшіміз Назым Қайратқызы куә болып қайтты.

️