Түркістан
EN

Түркістан облысының өнімдері Астанаға жол тартты

9
08.10.2026

Түркістанда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері Астанаға жол тарты. Қазан айының  10 және 11 күндері  елордада өңір диқандарының жәрмеңкесін өткізу жоспарланған. Саудаға өңірден 45 көлікке 500 тоннадан астам ет, көкөніс, жеміс-жидек және сүт өнімдері тиелді. Айта кетейік, жәрмеңкеде қала тұрғындарының сауда жасауы үшін, өнімдер нарықтағы орташа бағадан 15-20 пайызға арзан сатылмақ. Бұл шаруалар өнімін делдалсыз сатып, елорда тұрғындары сапалы азық-түлікті қолжетімді бағамен ала алады.