Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың туғанына биыл 160 жыл. Айтулы датаға орай Түркістанда қалың жұршылыққа тау тұлғаның ғұмырынан сыр шертетін деректі фильм көрсетілді. Туындыда Алаш қайраткерінің Ақтоғайдағы балалық шағынан бастап, саяси күрестегі жанкешті ерліктері, ұрпақтарының естеліктері таспаланған. Ерекшелігі сол бұл тарихи жобаны кәсіби киногерлер емес, ұлт мұрасына жанашыр азаматтар өз бастамасымен түсірген. Фильм зиялының боямасыз болмысы асқар тау секілді алыстаған сайын биіктей беретініне тағы бір дәлел болды.
ТҰҢҒЫШБАЙ МҰҚАН - ФИЛЬМ АВТОРЫ
2021 жылы қарағанды қаласындағы Октябрь деген ауданға Әлихан Бөкейханның есімі берілді. Ол Алаш қозғалысына Алаш қайраткеріне деген ең үлкен жетістік болатын. Сол жеңістің құрметіне өзімнің Медеу деген немерем бар. Мен де маман емеспін сол Медеу екеуміз өзіміздің талпынысымызбенен мемлекеттік тапсырысқа жатпайтын, бюджеттің қаражатына жатпайтын осындай бір 1 сағаттық танымдық деректі фильмді құрастырып, сол аттың берілуіне арнап шығардық. Бұл фильмді Әлихантанудың әліппесінің бір парағы деп қана қабылдауға болады.