Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркіменстанға барды. Қазақстан Президентін әуежайда Түркіменстан сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Аваза қаласында бірнеше кездесу өткізеді. Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші консультативтік кездесуіне қатысады. Одан бөлек ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және Каспий экология саммитіне де қатысуды жоспарлап отыр.