Елімізде 2 миллионнан астам бала үйірмелер мен секцияларға тегін қатысады. Бос уақытын тиімді өткізетін балалардың басым көпшілігі Түркістан облысының оқушылары. Балалардың басым көпшілігі қай бағытқа қызығып жүр? Әріптесім Айдана Дүйсенбаева зерделеп көрді.
Қазір Түркістан облысының мектеп жасындағы балаларына арналған 11 мыңға жуық үйірме бар. Ол үшін өңірде 45 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Соның бірі – Түркістан қаласында орналасқан «балалар мен жасөспірімдер орталығы». Бүгінде мұнда вокал, көркем соз, қол өнер, сурет, хореография, өлкетану сынды бірнеше үйірме сыныбы бар.
АЙЗЕРЕ МЕН АЙНАЗЫМ – №11 Ж.Ж
АБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ
Қазір облыста Айзере мен Айназым сынды 486 мың бала үйірмелерге қатысып жүр. Бұл мектеп жасындағы оқушылардың 93 пайызы. Келешекте балаларды түгелдей үйірмеге қатыстыру көзделіп отыр. Ол үшін шалғай аудандардан қосымша білім беру орталықтарын ашу жоспарланған.