Қазақстандағы соңғы әскери Ан-26 ұшағы өз қызметін аяқтап, «зейнетке» шығарылды. 1981 жылы Киев авиациялық зауытында құрастырылған ұшақ алғашында шекара әскерлерінің құрамында қызмет еткен. Кейін 1992 жылы келе ұлан авиациясына беріліп, талай жауапты тапсырманы орынған. Осылайша 44 жылдық қызметті артқа тастаған әуе кемесінің соңғы рейсін тап осы ұшақты 10 жылдан бері басқарып келген подполковник Медет Сейтов орындады.
МЕДЕТ СЕЙТОВ, ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ 3656 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ҰШҚЫШЫ
Бұл ұшақ Ұлттық ұлан авиациясы тарихындағы ең алғашқы ұшақ. Бұл ұшақ ІІМ мен Ұлттық ұлан басқолбасшылығы жүктелген барлық міндеттерді мүлтіксіз орындап келді. Мен әуе кемесін 10 жыл тізгіндедім. Ал бүгін әуедегі сенімді серігімен қоштасып отырмын