Түркістан
EN

Шардара су қоймасына 10 млрд. текше метр су келеді

11
08.10.2026

Орталық Азия елдері 2026–2027 жылдары Шардара су қоймасына келетін су көлемінің болжамын келісіп, су алу лимиттері мен су қоймаларының жұмыс режимдерін бекітті. Бұл мәселе Түрікменбашы қаласында өткен Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 95-отырысында талқыланды. Биыл вегетация кезеңінде Сырдария бассейніндегі жағдай тұрақты болып, Шардара су қоймасына 3,69 млрд текше метр су жіберілді. Ал алдағы вегетацияаралық кезеңде су қоймасына 10 млрд текше метр су келеді деген болжам бар.  Сонымен қатар тараптар Сырдария бассейнінде су ресурстарын есепке алу, мониторинг жүргізудің автоматтандырылған жүйесін әзірлеуді жалғастыруға келісті. Кездесуде Әмудария мен Сырдария өзендерін ұтымды пайдалану, трансшекаралық  ресурстарды  бірлесіп басқару және өңірдегі су тапшылығы сын-қатерлеріне бірлесіп жауап беру мәселелері де қаралды.