Түркістан
EN

16 жасқа толмағандардың желідегі парақшаларына шектеу енгізіледі

11
07.10.2026

16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне шектеу қойылуы мүмкін. Тиісті түзетулер қазір Құрылтайдың қарауында. Егер бұл талап қабылданса, баланың жасы жасанды интеллект арқылы бет-әлпетінен анықталмақ. Сондай-ақ оның көретін контенті, жазылымдары мен аккаунт белсенділігі талданады. Ал қазір қолданыстағы балалар аккаунттары жаңа талаптар енгізілгенге дейін уақытша бұғатталуы мүмкін. Дегенімен шектеу мессенджерлерге қойылмайды. Бұл ұсынысты Құрылтай депутаты Жанарбек Әшімжанов көтерген. Оның айтуынша, Қазақстанда 9-10 жастағы балалардың 60 пайызы, ал 11-12 жастағылардың 66 пайызы әлеуметтік желіде аккаунт қолданады екен.