Түркістан облысында жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 777 миллиард теңге салық түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 65 миллиард теңгеге артық. Салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижесінде 9 миллиард теңгеден астам қосымша кіріс көзі анықталып, өндірілді. Оның ішінде республикалық бюджетке 6,4 миллиард теңге, жергілікті бюджетке 3 миллиард теңге түсті. Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес те күшейтіліп отыр. Есепті кезеңде кедендік бақылау барысында заңсыз есірткі заттарын алып өтудің 36 фактісі анықталды. Сонымен қатар, мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 246 фактісі тіркеліп, 9,77 тонна бензин мен 25,7 тонна дизель отыны тәркіленді.
СӘУЛЕ ШЫРЫНБЕКОВА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
Бұдан басқа 86,3 мың АҚШ доллары суммасына валюта әкетудің 5 фактісі анықталды. 1059 салықтық құқықбұзушылық анықталып отыр. оның ішінде 479 бақылау касса қолданбау, 23 салық төлеуші посттерминал қолданбау секілді кемшіліктер анықталды.