Түркістан
EN

Аралды қалпына келтіру және Каспийді сақтау жөніндегі жұмыс күшейтілді

11
07.10.2026

Арал теңізінде тіршілік қайта жанданып, арнасы толып келеді. Биыл Солтүстік Аралдағы су көлемі 23 жарым миллиард текше метрге жетті. Бұл кейінгі жылдардағы ең жоғары көрсеткіш. Енді Үкімет Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, Көкарал бөгетін жаңартудың екінші кезеңін бастайды. Мақсат теңіз деңгейін одан әрі көтеріп, су көлемін 34 миллиард текше метрге жеткізу. Оған қоса, Түркістан мен Қызылорда облыстарындағы суару жүйелері жаңартылып, үнемделген су да Аралға бұрылмақ. Ал теңіздің құрғаған ұлтанынан тұз бен шаң көтерілмес үшін 1 миллион гектардан астам аумаққа сексеуіл егілді. Сондай-ақ, Каспий теңізін де тартылудан сақтау үшін халықаралық жобалар іске қосылуда. Оның аясында су деңгейін цифрлық бақылау, теңіз жануарларын қорғау және арнайы ғылыми институт құру көзделген.