Түркістан
EN

Қазақстан Ресейге мұнай жеткізу келісімін қайта жандандырмақ

14
07.10.2026

Қазақстан мен Ресей арасындағы мұнай және мұнай өнімдерін бажсыз жеткізу келісімі 2028 жылға дейін ұзартылды. Тиісті заң жобасын Құрылтай екінші оқылымда мақұлдады. Осы құжаттың арқасында еліміз жыл сайын 30 миллиард теңгеден астам бюджет қаржысын үнемдейді. Сонымен қатар, бұл ішкі нарықтағы жанар-жағармай бағасын тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік береді дейді жауаптылар. Қазір еліміз ішкі отын сұранысының 90 пайызын өз өндірісі есебінен жауып отыр. Десе де, авиациялық керосин тапшы. Сондықтан жыл сайын Ресейден 300 мың тоннадай әуе отыны импортталады. Келісімнің басты тиімділігі — маусымдық егін науқаны мен транзит тасымалы көбейген шақта жанармай бағасының негізсіз өсуіне жол бермейді.