Өңірдегі интернет сапасын арттыру үшін 16 аумақта екі қызметті қатар атқаратын заманауи тіректер орнатылмақ. Жоспар бойынша Түркістан қаласына 13, ал Кентауға 3 бағана қойылады. Қазірдің өзінде оның үшеуі тұрғызылып, іске қосылды. Ал қалғаны жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Айта кетерлігі, бір нүктеге бір мезетте мыңға жуық абонент емін-еркін қосыла алады. Шаһардағы жаңа құрылғылардың тиімділігін әріптесім Көркем Әбдіғали көріп қайтқан еді.