Түркістан
EN

Тұмаудан қорғану науқаны басталды

20
07.10.2026

Түркістан облысында тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны 1 қазаннан басталды. Биыл өңір тұрғындарын маусымдық тұмаудан қорғау мақсатында Ресейде өндірілген «Гриппол+» вакцинасының 271 мың 348 дозасы бөлінді. Бұл облыс халқының 12,8 пайызын қамтуға мүмкіндік береді. Мамандар тұмаудың алдын алуда вакцинацияның маңызы зор екенін айтады. Екпе ең алдымен инфекция жұқтыру қаупі жоғары және ауруды ауыр өткеруі мүмкін азаматтарға ұсынылады.