Түркістандық жасөспірім жастығына қарамастан кәсіп істеп, пайда тауып жүр. Кішкентайынан әкесінің көлік жөндегенін көріп өскен Рамазан, бүгінде өзі де кез-келген темір тұлпарды бөлшектеп, қайта жинайды. Осы іске қызығушылығы оның осы мамандықты әрі қарай меңгеруіне жол ашқан. Автомеханик оқуына түсіп теориялық және тәжірибелік сынақтармен өзін шыңдап келеді.