Биыл Арыс қаласының құрылғанына 70 жыл. Тоғыз жолдың торабында орналасқан теміржол станциясы өткен ғасырдың ортасында шаһар мәртебесін иеленген еді. Содан бері өрісті дамуға бет алған шағын шаһар бүгінде өндірісі өркендеген, кәсіпкерлігі мен ауылшаруашылығы дамыған аймаққа айналды.