«Әділет» партиясы орта бизнестің ел экономикасындағы үлесін 7%-дан 20%-ға дейін арттыруды ұсынды. Ол үшін шағын бизнестің өсуіне жағдай жасап, салықтық және әкімшілік кедергілерді азайту көзделіп отыр. Жоспар аясында «Өссең - қолдаймыз» бастамасы қолға алынбақ. Сондай-ақ кәсіпкерлерге қолдау шараларын жеңілдетіп, өндіріс пен инвестицияны арттыру ұсынылды. Бұдан бөлек, өндірісті дамыту үшін 3 немесе 5 жылға арналған өнеркәсіптік сұраныс картасын әзірлеу және ұзақ мерзімді келісімшарттар арқылы инвестиция тарту мәселелері көтерілді.