Түркістан
EN

Ардагерлер аллеясы күрделі жөндеуден өтті

3
06.10.2026

Төлеби ауданына қараста Мәдени ауылында ардагерлер аллеясы күрделі жөндеуден өтті. 2008 жылы пайдалануға берілген саябақта ардагерлер ескерткіші жаңартылып, мәдени іс-шараларды өткізуге арналған жаңа сахна жасақталды.  Сондай-ақ, жол төселіп, өзге де қажетті жабдықтар жеткізілді. Игі іске жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасаған. Қарттар күніне орай ауыл ақсақалдары осы орынға арнайы шақырылып, ұйымдастырушылар тарапынан құрмет көрсетілді.