Қазақстанда туғанына мақтанатындардың бірі отырарлық ұлты орыс Лилия Линова. Шәуілдірдегі бастауыш сынып мұғалімі қазақ тілін еркін меңгеріп қана қоймай, қазақтың салт-дәстүрін де берік ұстанады. Әріптестері мұны өзге ұлт өкілінің қазақы құндылықтарды құрметтеуі ғана емес, қоғамдағы рухани үндестіктің көрінісі деп бағалайды.