Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңір халқымен жеке кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдады. Қабылдауға Түркістан қаласы, Сауран, Ордабасы және Мақтаарал аудандарының тұрғындары келді. Олар еңбек, жер қатынастары, әлуеметтік қиындықтан және инфрақұрылым мәселелерін көтеріп, өздерінің талап-тілектерін жеткізді. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметке және жер учаскелерін пайдалану ісіне қатысты өтініштерін білдірді. Өңір тұрғындарын мұқият тыңдаған өңір басшысы жауапты тұлғаларға әр мәселені заң талаптарына сай жан-жақты зерделеп, нақты шешім қабылдауды міндеттеді. Айта кетейік, облыс әкімі мен оның орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде өткізіп келеді. Оған e-Otinish бірыңғай базасы арқылы және Азаматтарды қабылдау орталығына келіп жазылуға болады.