Еліміздің әр өңірінде үшінші апта қатарынан «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр. Мұнда отандық фермерлер өз өнімдерін делдалсыз тікелей тұтынушыларға ұсынады. Осы аптаның өзінде Түркістан қаласында 8 мың тоннаға жуық өнім сөреге шығарылды. Ал, өткен аптаның демалыс күндері Елордаға 400 тоннадан астам ауыл дәмі жеткен. Өнімдер Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының шаруаларына тиесілі. Мұнда өнім бағасы нарықтағыдан анағұрлым арзан. Бірқатар тауарлар 15-20 пайызға арзан саудаланады. Жәрмеңкелер еліміздің барлық өңірінде әр демалыс сайын жалғасады.