Қазір жаһан жылынып, климат құбылып тұр. Салдарынан жер бетінде табиғи апаттар жиілеп барады. Оған себеп, зауыттар мен көліктерден шыққан көмірқышқыл газы Жер бетін торлап, ғарышқа қарай жылыстауы тиіс жылуды ұстап қалып жатыр. Оған қоса, Таяу Шығыстағы, нақтырақ айтсақ, Ирандағы қақтығыстар дәстүрлі энергия көздерінің бағасын шарықтатып жіберді. Енді әлем елдері үшін мұнай мен көмірден бас тартып,жасыл энергетикаға көшу тек табиғатты қорғау емес, ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық тәуелсіздік мәселесіне айналды. Бұл жаһандық үрдістен Қазақстан да қалыс қалған жоқ.