Ақмола облысында базар өртеніп, 1 адам көз жұмды

103
19.05.2022 03:50

Ақмола облысында базар өртеніп 1 адам қаза тапты. Нақтыласақ, қайғылы жағдай Бурабай ауданының Щучинск қаласында болған. Жеке тұрған бір қабатты ғимараттан шыққан жалын 1700 шаршы метр аумақты шарпыған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өртті сөндіруге  97 адам мен 25 техника жұмылдырылған. Өкінішке қарай, құтқарушылар ер адамның денесін алып шыққан. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері мен өрт-техникалық зертханасы өрттің шығу себебін анықтап жатыр.