Сарыағашта қоқыс мәселесі тұрғындардың наразылығын тудырды. Қаладағы бірқатар аулаларда тау болып үйілген тұрмыстық қалдықтар ойын алаңдары мен тұрғын үйлердің маңына дейін жеткен. Жергілікті халық тасымал қызметінің кешігуіне шағымданса, жауапты мекеме мәселені тұрғындардың өзінен көреді.