Мүгедектігі бар азаматтарға жағдай жасалады

21
2026-09-16

Енді мүгедектігі бар азаматтардың кез-келген ғимаратқа еш кедергісіз кіріп шығуы үшін толық жағдай жасалады. Дәлірек айтқанда, мердігер мекеме жаңадан нысанды салынып жатқанда ондай азаматтарға пандус қоюға міндетті. Сондай-ақ, арнайы автотұрақтың болуы да шарт. Өзгеріс 1-шілдеден бастап халықты әлеуметтік қорғау саласына жаңадан енді. Бұл туралы министрліктің өңірдегі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті мамандары мәлім етті. Бүгіннің өзінде 22 жаңа ғимараттың 5 еуі талапқа сай келмейтіні анықталған. Айта кетейік, жалпы облыс бойынша мұндай азаматтар саны 104 мыңнан асады.