Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Корея Республикасына мемлекеттік сапарының үшінші күні де мазмұнды өтті. Сеулдің қақ ортасында қазақтың қара шаңырағы тігіліп, ұлттық мәдениетіміз кеңінен таныстырылды. Мемлекет басшысы елден жырақта жүрген отандастарымызбен жүздесіп, Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен келіссөз жүргізді.