Қазақстанда 2029 жылға дейін 2,5 мың шағын мектептің оқу процесіне жасанды интеллект технологиялары енгізілмек. Оқу жылы басталғалы бері Павлодар және Қызылорда облысында бұл жоба сынақтан өтіп жатыр. Егер жоба сәтті өтсе, алғашқы кезеңде республика бойынша 500 білім ошағы цифрлық жүйемен толық қамтылады. Сала мамандарының айтуынша, жасанды интеллект мұғалімдердің орнын баспайды, тек олардың уақытын үнемдеп, жұмысын жеңілдететін тиімді көмекші құрал болады. Сонымен қатар, елде жаңа мектептер мен балабақшалар салынбақ. Мәселен, келесі жылдың соңына дейін 68 жаңа балабақша ашу жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде 100 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Айта кету керек, бүгінде жалпы сыйымдылығы 460 мың оқушыға арналған 217 «Келешек мектептері» жұмыс істеп тұр.