Колледждерде уран өндірісіне қажетті мамандар даярлануда

17
2026-09-16

Елімізде уран өнеркәсібіне қажетті мамандар жоғары оқу орындарымен қатар, колледжерде де оқытыла бастады. Түркістан облысының Созақ ауылында орналасқан бірінші колледже биылдан бастап  он мамандық бойынша студенттер білім алуда. Олар теориялық білімді оқу орнында меңгеріп, ал тәжірибелік дағдыларды тікелей уран өндіруші компаниялардың өндірістік базасында шыңдайды. Болашақ мамандардың өндіріс алаңында кедергісіз тәжірибе жинақтауы үшін жетекші серіктес кәсіпорындармен тиісті келісімшарттар жасалған.