Коммуналдық инфрақұрылым жаңғыртылады

10
2026-09-16

Түркістан облысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша 12 жоба іске асырылмақ. Оның жалпы құны 15 миллиард 200 миллион теңгеден асады. Жобалар аясында елді мекендердегі тозған су құбырлары жаңартылып, жаңа кәріз желілері салынады. Сонымен қатар электр желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Бірқатар елді мекенде ауыз су жүйесіне есептегіш құралдар орнатылып, су ресурстарын тиімді пайдалану көзделген. Жұмыстар ұлттық жоба аясында кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.