Түркістан облысында соңғы бес жылда 3 млн-нан астам көшет отырғызылғанымен, көгалдандыру саласында әлі де шешімін таппаған мәселе бар. Әсіресе тұқымбақтардағы көшеттердің күтімі мен өнімділігін арттыру өзекті. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Отырар ауданында тәжірибе алмасу семинары өтті. Сала мамандары қандай ұсыныс айтты? Көшет өсіруде қандай жаңа технология қолданылмақ? Әріптесім Айдана Дүйсенбаева тарқатады.