Мемлекет басшысы Қазақстан Корея бірлескен кәсіпорнын құруды ұсынды

3
2026-09-16

Қазақстан мен Корея арасындағы тауар айналымы 3 миллиард доллардан асты. Бұл өткен жылдағы меже. Мемлекет басшысы бұл көрсеткішті еселеуге мүмкіндік бар екенін айтып, екі ел арасындағы экономикалық байланысты одан әрі нығайтуға шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-корей дөңгелек үстелінің ашылуында сөз сөйлеп, соңғы отыз жылда Астана мен Сеул арасында өзара құрмет пен сенімге негізделген берік қарым-қатынас қалыптасқанын атап өтті. Бүгінде Корея Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі. Мемлекет басшысы корей компанияларының еліміздегі нәтижелі қызметін жоғары бағалап, инвестициялық ықпалдастықты одан әрі арттыру маңызды екенін жеткізді.