Түркістандықтар отбасы күнін ерекше атап өтті. «Отырар» мөлтек ауданында орналасқан №21-үйдің тұрғындары айтулы күні аулаға жиналып, балалар алаңқайын сырлап, ретке келтірді. Үйдің айналасын қоқыстан тазартып, ағаштарды суғарды. Игі іске балалар да атсалысқан. Бұл еңбекке араласқан әр баланың тазалыққа деген жауапкершілгін арттырып, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды үйретері сөзсіз. Әрі мұндай бастамалар көршілер арасындағы татулық пен сыйластықты нығайта түседі,-дейді тұрғындар.