ЖИ камерасы ірі қарамен соқтығысқан жол апатын тіркеді

5
2026-09-14

Республикалық маңызы бар автожолдардың бірінде түнгі уақытта ірі жол апаты тіркелді. Белгіленбеген жерден тасжолға атып шыққан ірі қара мал, үлкен жүк көлігімен соқтығысқан. Қауіпті жағдайды жасанды интеллект элементтері бар ақылды камералар сол сәтте тіркеп, дабыл белгісін операторларға жолдап үлгерген. Соның арқасында оқиға орнына жол қызметтері жедел жетті. Мұндай учаскелерде мал өтпеуі үшін арнайы қорғаныш торлары болғанымен, оларды бұзып, қолды қылатындар қатары әлі де тыйылмай тұр. Мамандар осындай оқиғалардың көп болуына, кейбір мал иелерінің төрт түлікті қараусыз қалдыруы себеп болады дейді. Осыған байланысты, сала өкілдері ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне жануарларды бейжай жібіре салмай, олардың көлік жүретін жол жиегіне шығып кетпеуін жіті бақылап отыруды ескертеді.