Түркиядан қаржы пирамидасын басқарған күдікті елге қайтарылды. Ол төрт жыл бойы халықаралық іздеуде болған. Тергеу мәліметінше, аталған ұйым ешқандай өндіріспен немесе шынайы инвестициямен айналыспаған. Салымшыларға уәде етілген пайыздық табыс тек кейін келген жаңа қатысушылардың ақшасы есебінен төленіп отырған. Заңсыз схеманың салдарынан азаматтарға келтірілген шығын 160 миллион теңгеден асады. Қазір қамауға алынған күдіктіге қатысты тергеу жүріп жатыр.