Жалған қожалықтар құрған әйел ұсталды

4
2026-09-14

Мемлекетке 238 миллион теңгеден астам залал келтірген күдікті Грузиядан экстрадицияланды. Қылмыстық жауапкершіліктен қашып, шетелде бой тасалаған әйелді Бас прокуратураның сұрауымен елге қайтарды. Тергеу мәліметінше, күдікті азаматша мемлекеттік қолдау қаржысына қол жеткізу үшін сенімді адамдардың атына жалған шаруашылықтар тіркеген. Осылайша заңсыз схема арқылы бюджеттің 238 миллион теңгеден астам қаражатын қалтасына басқан. Ол қылмысы әшкереленген соң шекара асып, бой тасалап жүріпті. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, өзі 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.