35 мың орындық стадион салынады

19
2026-09-11

Ақтөбеде 35 мың көрерменге арналған жаңа футбол стадионы бой көтеруде. Жобаға Үкімет резервінен 6,5 млрд теңге бөлінген. 25 гектар аумақта салынып жатқан нысан, УЕФА-ның 4-санат талаптарына сай болады. Жалпы аумағы 80 мың шаршы метрден асатын бес қабатты кешенде футбол алаңы, трибуналар, командалар мен БАҚ өкілдеріне арналған инфрақұрылым қарастырылады. Құрылыс үш кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезең биыл басталып, 2028 жылдың қыркүйегінде нысанды пайдалануға беру жоспарланған.