Логистикалық жоба іске асуда

19
2026-09-11

Келес ауданында көлік-логистика саласын дамытуға бағытталған ірі жоба жүзеге асуда. Жүк көліктеріне арналған автотұрақтың алғашқы кезеңі аяқталып, нысан жұмысын бастады. Басты мақсат – халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардағы ұзын-сонар кезекті азайтып, жүргізушілерге қолайлы жағдай жасау.